«Вахабиттердің отаны екен»: Мектепке орамал тағып келген оқушылардың видеосы жұртты алаңдатты

Әлеуметтік желілерде орамал таққан бір топ оқушының мектеп ішінде жүрген сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кадрларда жасөспірім қыздардың басына орамал тағып, білім ордасында жүргені анық көрінеді. Аталған бейнероликке мыңдаған пікір қалдырылып, қоғамда үлкен талқылау туғызды. Көпшілік бұған қарсылық білдіріп:
«Біз зайырлы мемлекетпіз, Қазақстанда мұндайға жол берілмеуі керек», «Мектепке орамал тағып келген оқушының ата-анасын жауапқа тарту қажет», – деген пікірлер жазған.
Тағы бір топ желі қолданушылары:
«Қазақ арабқұлға айналып бара жатыр»,
«Бұл қандай қала, мына түрімен Ауғанстанға ұқсап кеткен», – деп наразылық танытқан.
Сонымен қатар, орамал тағуды құптап, оқушылардың бұл әрекетін қолдағандар да бар.
Алайда видеодағы оқиғаның нақты қай қалада болғаны әзірге белгісіз. Біреулер Ақтауда түсірілген десе, енді бірі Қарақалпақстанда болуы мүмкін екенін айтқан.
@uzgen_96
Сіздің реакцияңыз қандай?






