«Вандализм ғой мынау!»: Алматы әкімдігі енді гранит қабырғаларды талқандауға көшті (ВИДЕО)

Қыркүйек 5, 2025 - 11:47
Қыркүйек 5, 2025 - 11:58
«Вандализм ғой мынау!»: Алматы әкімдігі енді гранит қабырғаларды талқандауға көшті (ВИДЕО)
Фото: Sadaq.kz коллажы

Алматыдағы жер асты өткелдерін талқандап жатыр, деп дабыл қаққан журналист Диас Нұрақын мұның соңында тендермен айналысатындар тұрғанын айтады, деп жазады Sadaq.kz. 

«Бюджеттің бүйірі тесік, қазынада қаржы жоқ деп жылағанда әкімдердің етегі жасқа толады. Ал, істеп жатқан істері мынау. Алматыдағы жер асты өткелдерін талқандап жатыр екен. Шыбын тайып құлайтын жылтыр, бүтін граниттерді бүлдіріп жатыр. Не үшін? Қазына қаржысын қарпып қалу үшін», - деді ол. 

Журналист жақында ғана Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «бордюр бизнесін біржола доғарыңдар», деген ескертуін еске салды.

«Қулығына құрық бойламайтын «тендерщиктер» енді подземка жағалай бастаған сыңайлы. Жол, тротуар, подземка, алаңқайлардың құрылысын қала тұрғындарымен ақылдасып отырып жөндейтін ереже енгізу керек. Тым құрығанда Қоғамдық кеңестің талқысына салмай ма?», - деп налыды ол.

Видеоға пікір білдіргендер де мұны вандализмге балап, мұндайға жол бергендерді жауап тарту керек дейді. 

«Бюджетті бас пайда үшін талан-таражға түсіруге кім жол беріп отыр? Қадағалау қайда?», «Әкелерінің құны кеткендей ұрып, талқандап бұзып жатыр ғой. Әдемілеп шешіп алып, басқа жерге қолданатын материал екен. Вандализм ғой мынау», «Бұл жерді, тамаша дүниені қиратпай - жәй өңдеу және тазалау жұмыстарын жасаса болатын еді ғой!», «Мынаны бұзуға кетіп жатқан қаражат, халықтың қалтасынан штраф, салып деп қағып алған ақшаға жасалынады. Сол ақшаны жұмағанда халықпен санасып істеу керек. А так мынау не? Әп-әдемі тұрған дүниені талқандап жатыр. Бұлары қылмыс қой енді», «Бәрі жап-жақсы тұр ғой. Сонда осыған рұқсат беретіндер келіп көрмей ма?»,«Осыны жасауға бұйрық берген адамды соттау керек», деген пікірлер жазылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow