Владимир Зеленский Украинада президенттік сайлау өткізуден бас тартты

Ақпан 19, 2025 - 16:32
Ақпан 19, 2025 - 16:33
Владимир Зеленский Украинада президенттік сайлау өткізуден бас тартты

Владимир Зеленский Украинада президенттік сайлау өткізуден бас тартты, деп жазады Sadaq.kz.

CNN Türk телеарнасына берген сұхбатында ол «Украинадағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соғыс болып жатқан кезде сайлау өткізілмейді. Бұл төтенше заңнамада және Конституцияда жазылған... Барлық міндеттерді қазіргі президент өз мойнына алады және орындайды. Сондықтан біздің елде сайлау болмайды, менің президенттігім заңды», - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Украинада демократиялық сайлау өткізу үшін қажетті инфрақұрылым жоқ, ал шетелде 8,5 миллион украиналық, оккупацияланған территориялар мен майдан шебіне жақын азаматтар сайлауға қатыса алмайды.

Зеленский сонымен қатар, Украина мәселесі Украинаның қатысуынсыз шешілмейтінін айтты (Трамп пен Путин келіссөздерде қандай  шешім қабылдаса да).

Бірнеше күн бұрын Мюнхенде Владимир Зеленский Трамппен сирек кездесетін металдар және басқа ресурстар туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина президентіне тісін қайрап қалғанын байқауға болады. 

Сәрсенбіге қараған түні Мар-а-Лаго резиденциясында баспасөз алдында сөйлеген сөзінде Трамп Украинадан көңілі қалғанын жеткізген.

Ол Зеленскийдің осы үш жылда келіссөздер үстеліне отырып, мәселені адам және аумақтық шығындарсыз әлдеқашан шешуге мүмкіндігі болғанын, ал  енді мәселенің Украинасыз шешіліп жатқанына ренжуге кеш қалды деп санайды.

Сондай-ақ, соғыстың басталуына Зеленскийдің өзі жол берді, ал Байденнің бұны болдырмауға қауқары жетпеді  деген пікірде.

Трамп Путинге Украинаға басып кірмеу керектігін айтқан, ал Путин әскер кіргізуді армандағанымен, Трампты тыңдаған. АҚШ президентінің пікірінше, Зеленскийдің өзі кінәлі, әуелден мәселені бастаудың қажеті жоқ еді, енді оны келіссөздер үстеліне шақырмағанына шағымданудың қажеті жоқ.

Трамп айтқан тезистер:

  • Зеленский сайлаушылар арасында тек 4% қолдауға ие;
  • Зеленскийдің шетелден келген көмек қаражатты қайда жұмсағанын анықтау керек;
  • Путин Киевті жойған жоқ, өйткені ол зымырандарын босқа шашуға ниетті емес және егер Путин қаласа, бүкіл Украинаны оңай жойып жібере алар еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow