«Үкімет тарапынан қолдау көрсетеміз»: Бектенов Дженнифер Лопестің концертіне дайындалып жатыр

Сәуір 8, 2025 - 11:44
Сәуір 8, 2025 - 12:34
«Үкімет тарапынан қолдау көрсетеміз»: Бектенов Дженнифер Лопестің концертіне дайындалып жатыр
Фото AP\TASS

Үкімет отырысында Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов биыл елордада америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бәрі ойдағыдай өтсе, бюджетке 400 млн теңге салық түспек.

Еске салайық, кеше Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес елордада концерт береді.

Жоба менеджерінің хабарлауынша, шоу 1 тамыз күні Astana Arena спорт кешенінде өтеді. Бұл тек Қазақстан үшін Орталық Азия үшін де тарихи сәт болмақ.

«1 тамызда Астана арена стадионында әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді. Іс-шара толық коммерциялық негізде өткізіледі. Сіздерге Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін тарихи оқиға болатын бірегей жобаны таныстырып отырғаныма қуаныштымын. Бірінші тамызда «Астана арена» стадионында бүкіл әлемге танымал әнші Джениффер Лопестің концерті өтеді. Концерт толығымен коммерциялық негізде ұйымдастырылады», - дейді «Астана концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов.

Айтуынша, Дженнифер Лопестің концерті ел экономикасына да пайда әкелуі тиіс. 

«Сырттан 15 мыңнан астам турист келеді деп күтіп отырмыз. Қаланың экономикасына, HoReCa жүйесіне (яғни қонақ үй, тамақтану орындары және тағы басқа) 6,5 млрд теңге және концертті өткізуден бюджетке 400 млн теңге тікелей салық түсімдері түседі», - деді ол.

Премьер-министр Олжас Бектенов әлемдік деңгейдегі жұлдызды Қазақстанға тартқан «Астана концерт» компаниясын мақтады.

«Біз сізбен бірнеше рет кездесіп, әлемдік жұлдыздарды тарту жоспарыңызды талқылаған едік. Осы жұмыс қолдарыңыздан келгеніне қуаныштымын. Бұл ұзақ жол болғанын білемін. Өйткені осындай концертті ұйымдастыратындар өте жоғары талаптар қояды. Сол себепті бұл жақсы. Қазақстанды осы тектес концерттер үнемі өтетін орынға айналдыру үшін осы жұмысты жалғастыру қажет. Үкімет тарапынан қажетті қолдауды көрсетеміз», - деп сендірді Бектенов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow