«Үш жыл декретте отырдым»: Ерке Есмахан жарты жыл жасырған құпиясын ашты

Шілде 20, 2026 - 10:37
chat_bubble  0 visibility  91
«Үш жыл декретте отырдым»: Ерке Есмахан жарты жыл жасырған құпиясын ашты
Фото : Ашық дереккөз

Танымал әнші Ерке Есмахан көптен күткен сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында үш жылдық декреттік демалыстан кейін шығармашылыққа қайта оралатынын мәлімдеді. Әншінің айтуынша, бұл жолы тыңдармандарына 9 ән мен 9 бейнебаяннан тұратын жаңа альбом ұсынбақ. Сондай-ақ Ерке шығармашылыққа қайта оралуына жолдасының қолдауы ерекше әсер еткенін айтты.

«Сен менің сүйікті жарым, балаларымның анасы, әулетімнің келіні ғана емес, халықтың ерке әнші қызысың», – деп күйеуім шығармашылығымды шыңдауға қанаттандырып жіберді. Сөйтіп «Жаным, жарқырап ән сал», – деп өнерге жаңа леппен оралуыма шабыт берді. Үш жыл декретте отырғанда жазылмаған әндерімді бір альбомға сыйдырдым. Жаңа өнімім, жасырған жаңалығым осы. 6 ай дайындалған 9 ән мен 9 бейнебаян сіздерді күтуде.

Көпшілік әншіні жаңа шығармашылық кезеңімен құттықтап, алдағы альбомының сәтті шығуына тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0