«Үйдің тірлігіне байладым»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы айтып берді
Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы жылдары жеке өмірін жария етуден бас тартқан.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты әлеуметтік желідегі пікірлерге жауап берді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Продюсердің жұбайы, белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің 60 жылдық мерейтойын жақында атап өтті. Алайда тойдан тараған бейнежазбалар мен фотоларда Жұлдыз Әбдікәрімова көрінбеген. Бұл жайт желі қолданушыларының назарына түсті.
Олар түрлі пікірлер қалдырды: "Жұлдыз көрінбейді, ата-анасы да тойға келмеген", "10 жыл бойы үйде отырғызып қойған келініңіздің тойға келмегені қызық екен", "Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мұндай тойларға келе бермейтін шығар", "Он жыл үйде отырғызып қойғанына көнген Жұлдыз жоғы қиын екен. Келіннің әке-шешесі зиялы, оқыған адамдар, мына отбасының қаптаған жырқылына келе беруге де уақыты жоқ шығар" – деген пікірге продюсер жауап берді.
– Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса, аяқ-қолын кісендеп 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден жүз есе дұрыс өмір сүріп жатқан шығар, қайдан білесіз? Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын, бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымдамаңыз. Сіз министрлер мен президенттердің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға “әйелдеріңді неге шығармайсыңдар?” деп қырылмайсыз. Біреудің отбасына қадалып не болды сізге? Менің келіндерімнің бейшара түрін көріп пе едіңіз? Елестетіп көріңіз! – деп жауап қатты Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова — белгілі продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы. Ал оның келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы жылдары жеке өмірін жария етуден бас тартып, шығармашылықпен айналысып жүр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






