«Жасымыз да келді, атаққа кешіктік қой»: Нұрлан Еспанов атақ ала алмай жүргенін айтты

Мамыр 28, 2025 - 11:35
Мамыр 28, 2025 - 11:37
«Жасымыз да келді, атаққа кешіктік қой»: Нұрлан Еспанов атақ ала алмай жүргенін айтты

Танымал әнші Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ойын айтып, реніші барын жасырмады.  Өнер иесі “Revue news” бағдарламасына сұхбат беріп, атақты жас күнінде алмаған соң, бүгінде алудың ешқандай мән-мағынасы жоғын айтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Мен негізі көптеген әндерімді, жазған дүниелерімді өткізген болатынмын. 10 жылдай қағаз тапсырдым. Біздің жасымыз да келді ғой, атаққа кешіктік қой. Шәмші Қалдаяқов атамыз "Өлер алдында атақ әкеп берсе не болды, бір атақтарың таусылып қалатындай" деп айтады ғой. Білмеймін, сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой", –дейді әнші. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow