Желіде ақтаулық танымал асаба мен жұбайының интим видеосы тарады: полиция түсінік берді

Сәуір 20, 2026 - 14:54
chat_bubble  0 visibility  2
Желіде ақтаулық танымал асаба мен жұбайының интим видеосы тарады: полиция түсінік берді
фото: видеодан скриншот

Желіде Ақтаудағы танымал асаба мен оның жұбайы "жеке мобилографының әрекетінен" зардап шеккені туралы ақпарат пайда болды – олардың үйде түсірілген интим видеосы тарап кеткен, деп хабарлайды sadaq.kz.

Telegram желісіндегі Nege.kz арнасының хабарлауынша, ақтаулық танымал асаба мен оның жұбайы видеоүндеу жасады. Олардың сөзінше, олардың телефонының құпия сөзін білетін жеке мобилографы үйде түсірілген видеоны желіде жариялап жіберген.

Олар аталған видеоны өздері үшін түсіргенін, телефонда жасырын файл ретінде сақталып тұрғанын мәлімдеген. Әйел бейнежазба тарап кеткеннен кейін бейтаныс адамдар оған түрлі бейәдеп хабарлама жіберіп жатқанын айтып, көз жасын тыя алмады. Ол желі қолданушыларынан видеоны көрмеуді немесе одан әрі таратпауды сұрады. 

"Біздің балаларымыз бар, ресми түрде некедеміз. Бұл бейнежазбаны өзіміз үшін түсірдік", - дейді асабаның жұбайы. "Біз блогерлер мен медиаиндустриядағы адамдарға үндеу жасағымыз келеді: мобилографтарыңыздан сақ болыңыздар. Оларға телефоныңызды немесе құпия сөзіңізді бермеңіздер. Сіздердің кез келгеніңізде осындай видео болуы мүмкін. Ешкім одан сақтандырылмаған", - деді асаба. Маңғыстау облыстық полиция департаменті

Ақтау полиция қызметкерлері WhatsApp арқылы жеке бейнематериалдардың заңсыз таралуының алдын алғанын мәлім етті.

"Полицияға ерлі-зайыпты жергілікті блогерлер хабарласып, желіде тек жеке пайдалануға арналған интим бейнежазбасы таралғаны туралы шағымданды. Олардың айтуынша, видеоның тарап кетуіне бұрын олармен жұмыс істеген мобилографтардың бірінің қатысы болуы мүмкін", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы (Адамның жеке өміріне қол сұғушылықты бұзу және келісімінсіз оның жеке өмірі туралы ақпаратты заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шағым түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жәбірленушілермен үнемі байланыста болған.

Кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны болып шықты. Басқа да мән-жайлар анықталуда. Полиция азаматтардың келісімінсіз жеке және құпия материалдарды тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0