«Жылап отырмын»: Жазира мен Жанболат аман-есен елге жетті (ВИДЕО)

Наурыз 6, 2026 - 11:11
 0  287
«Жылап отырмын»: Жазира мен Жанболат аман-есен елге жетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Отбасымен демалысқа барамын деп елге қайта алмай қалған әнші Жанболат пен Жазира Қазақстанға жетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы Жазира Байырбекова желідегі парақшасында жазды. 

"Аллаға шүкір, елімізге аман-есен оралдық. Дубай - Маскат - Ыстамбұл - Астана. Барлығы Алланың қалауымен болды. Әр кез тілекші болып, уайымдап хабарласып жатқан барша жанға үлкен рақмет. Алла баршамызды амандықта, тыныштықта ұстасын", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншімен бірге қуанып түрлі тілегін жазды. 

"Аман-есен жеткендеріңізге шүкір", "Жылап отырмын", "Енді Дубайға бармастай болған шығарсыздар", "Ресейден қайтқан бір кісі шекараны көргенде жүгірдім. Қазақстанға өтіп жерге құладым деп еді. Құдіреті шексіз құдай әр нәрсенің қадірін ұғындыруда", деді көпшілік. 

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0