«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Күдікті 13 адамды алдаған.

Шілде 22, 2025 - 11:41
«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Келтірілген жалпы шығын көлемі – 6500 000 теңгені құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Күдікті Оралдың аумағында бірнеше азаматты алдап, олардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, өзін жүргізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды.

Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow