1 млрд жымқырды деген күдікке ілінген Мажағұлов мәлімдеме жасады

Қаңтар 5, 2025 - 11:24
1 млрд жымқырды деген күдікке ілінген Мажағұлов мәлімдеме жасады

Астана қаласының бұрынғы  Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа қатысты сот процесі басталып кеткен болатын. Ол жақында ақпарат құралдарында шыққан фактілердің жалған екенін айтып, мұның бәрі сот процесінің әділ өтуіне кедергі келтіретінін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында сот талқылауында айтылмаған мен туралы ақпарат тарады. Бұл жарияланымдардың бәрі бірде-бір сот отырысына қатыспаған басылымдарда жарық көрді. Олар айыптау актісінің бірде-бір мәлімдемесі сот процесінде расталмағаннан кейін пайда болып отыр. Мұндай бұрмаланған ақпараттарды жариялау сотқа қысым жасау болып саналады. Сондай-ақ қоғамда негізсіз теріс пікір тудырады. Істің мән-жайын объективті қарау құқығын бұзады. 

Оның айтуынша, прокурордың таққан айыбы бойынша қылмыстық іс-материалдарынан алынған  дәлелдемелерді зерттеу нәтижесінде 2016 жылы Есіл өзенінде «Солнце» субұрқағын тұрғызу кезінде шешімді Астана қаласының әкімдігі, қоғамдық кеңес мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары қабылдағаны анықталды деп отыр.

Осылайша субұрқақты орнату менің бастамам болды деген айыптауды жоққа шығарды. Астана қаласының экономикалық тергеу департаменті «Солнце» субұрқағын құрастыру және орнату бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланғанын анықтады. Қазір маған тағылған айып бойынша сот жалғасуда және процесс аяқталуға жақын, - дейді күдікті. 

Еске салайық, экс-шенеунік Болат Мажағұловтың ұсталғаны туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті. Астана қаласының "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді.

2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған "Күн" ("Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы") субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.

Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр.

Ұрланған қаражаттың көлемі 1 млрд теңгеден асып отыр.

Күдікті, Астана қаласының "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер.

Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow