Кабинетінен шауһат ізі табылды – полициядан зорлық көрдім деген қыздың авдокаты мәлімдеме жасады
Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы Марат Күштібаевтың кабинетінен қыздың жеке гигиеналық заты мен ер адамның шауһатының ізі табылды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Кабинеттен қызға тиеслі гигиеналық заттар мен ер адамның шауһат ізі табылды, - деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.
«Оқиғаға орай жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев зорлықтың қалай жасалғанын айтып берді. 12 қараша күні учаскелік инспектор қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен 27 жастағы қала тұрғынын Ішкі істер басқармасына жеткізген. Осы жерде анықтаушының кабинетінде сұрақтарға жауап беріп отырған қызды басқарма басшысы кабинетіне әкелуді бұйырады», - деп жазады ҚазАқпарат.
Дереккөздің мәліметінше, қазір жәбірленуші тиісті сараптамадан өтті, қылмыс орнынан яғни, Талдықорған қалалық полиция басқармасы басшысының кабинетінен айғақтар алынды.
"Кабинеттен қызға тиеслі гигиеналық заттар мен ер адамның шауһат ізі табылды", - деді жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Молбаев.
Қазір күдікті Ескелді ауданындағы уақытша ұстау мекемесіне қамалған. Оқиға орай облыстың бас полицейі Атығай Арыстанов мәлімдеме жасады.
Сіздің реакцияңыз қандай?