«Ұлттық қор – балаларға»: алғашқы болып төлем аударылатын балалардың тізімі бекітілді

Тізімде 7 миллионға жуық бала бар.

Қаңтар 16, 2024 - 13:24
 0  70
«Ұлттық қор – балаларға»: алғашқы болып төлем аударылатын балалардың тізімі бекітілді
aikyn.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биыл төлем аударылатындардың тізімін бекітті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz

БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, арнайы комиссия 2024 жылы төлем аударылатын 7 миллионға жуық баланың тізімін жасап шыққан.

«Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар», — деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Тізім 1 ақпан күні жарияланады. Ұлттық есебінен аударылған бұл жинақты азаматтар екі мақсатта пайдалана алады. Тұрғын үй алуға немесе оқу ақысын төлеуге болады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 1
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0