«Адамды ғайбатпен емес, өнерімен бағалайық»: Ерлан Рысқали Мөлдір Әуелбековаға қолдау көрсетті

Маусым 4, 2026 - 15:28
app_badging Маусым 4, 2026 - 15:31
chat_bubble  0 visibility  4
«Адамды ғайбатпен емес, өнерімен бағалайық»: Ерлан Рысқали Мөлдір Әуелбековаға қолдау көрсетті
Коллаж: Sadaq.kz

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали соңғы уақытта әлеуметтік желіде болып жатқан Мөлдір Әуелбековаға қатысты дауға пікір білдіріп, қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Оның айтуынша, Мөлдір Әуелбекова –«КешYOU тобының жиырма жылдық тарихында» өнер көрсеткен қыздардың ішінде әншілік шеберлік, дауыс мүмкіндігі, табиғи талант, сахна мәдениеті және орындаушылық деңгей тұрғысынан ерекше дараланған әнші.

«Бұл – біреуді кемсіту немесе біреуді екіншісінен жоғары қою үшін айтылған сөз емес. Бұл – маман ретінде көп жылдық тәжірибеме сүйеніп айтқаным. Өнерде бәрі бірдей болмайды. Біреу сұлулығымен ерекшеленеді, біреу еңбекқорлығымен, біреу харизмасымен, ал біреу Алла берген ерекше талантымен дараланады. Мөлдірдің бойында сол сирек кездесетін табиғи әншілік талант бар», – деді Ерлан Рысқали.

Сондай-ақ өнер иесі дәл осындай сәтте әріптесті сынағаннан гөрі қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті.

«Сондықтан дәл осындай кезде қарындасымызға тас атқаннан гөрі, қолдау көрсеткеніміз дұрыс. Өнердегі ең ауыр нәрсенің бірі – өз әріптестеріңнен қолдау көрмеу. Кім не десе де, мен Мөлдір қарындасымды өте талантты, кәсіби деңгейі жоғары әнші деп есептеймін. Ең бастысы. – адамды ғайбатпен емес, өнерімен бағалайық», – деп жазды ол.

Жазба соңында Ерлан Рысқали Мөлдір Әуелбековаға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және сабыр тілеп, ағалық қолдауын көрсетті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0