Ақтөбелік «емші» клиенттеріне 100 миллион теңге несие алдыртқан
Ақтөбеде дәстүрлі емес медицинамен айналысатын «емші» клиенттеріне несие алғызып, алдап кеткен. Шығын 100 млн теңге, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазір айыптаушылардың саны 30-ға жетті. Олардың басым көпшілігі әйелдер. Емші әртүрлі сылтаулармен оларға несие алдыртқан. Несие сомасы шамамен 1-ден 18 млн аралығында.
Ол кейбіреулеріне ауыр науқас баланы емдеуге, мешіт салуға немесе жаңа массаж бөлмесін ашуға ақша қажет екенін айтқан.
«Оған сенген азаматтар да, тіпті бірнеше рет келгендер де бірден келісе кеткен. Қарызды өзі жабатынын айтқан, бірақ уәде орындалмаған. Жалпы шығын 100 млн теңге болды», деп мәлімдеді полиция.
Күдікті қазір тергеу изоляторына қамалды. Полиция оны ірі көлемдегі алаяқтық деп танып, қылмыстық істі тергеп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?