«Әлі-ақ үбірлі-шүбірлі боласыңдар»: 10 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан актриса жылап қалды

Танымал актриса Гүлбахрам Ахат желідегі парақшасына көз жасына ерік берген видеосын жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Аллаға шүкір менде бәрі жақсы. Біреуге пайдаңды тигізбесең де, зияныңды тигізбей өмір сүрудің өзі сауапты амал… Сынағысы келген кісіге мін көп, өкпелегісі келген кісіге де себеп көп. Күз - ішкі әлемді есту сәт!", - деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдіріп, түрлі пікір жазды.
"Сіз ғажап жансыз", "Жыламаңызшы", "Өмір сынақтардан тұрады", "Әлі-ақ үбірлі-шүбірлі боласыздар", "Өзіңді биік ұста, тік жүр. Бәрі жақсы болады", деді олар. Айта кетейік актриса өзінен 10 жасқа кіші өнердегі әріптесіне тұрмысқа шыққан еді
Сіздің реакцияңыз қандай?






