Аңдыған және терезеден сығалаған: Атырауда «Сталкинг» бабымен алғашқы үкімдердің бірі шықты
Атыраудағы Құрманғазы ауданының тұрғыны жүйелі түрде аңдығаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп Бас прокуратураға сілтемемен Sadaq.kz хабарлайды.
С.К. есімді тұрғын 2025 жылдың қыркүйегінде бір әйелді аңдуды мақсат етіп, терезесінен сығалау арқылы оның мазасын алды. Әйел бұл «ынтызарлыққа» шыдай алмай, құқық қорғау органдарына жүгінген.
Сот бұл әрекетті жәбірленушінің психологиялық жағдайына зиян келтіретін заңсыз аңду деп таныды. Нәтижесінде, ер адамға 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, бұл — еліміздегі жаңа бап бойынша шыққан алғашқы ресми үкімдердің бірі.
Айта кетейік, 2025 жылдың шілде айынан бастап Қылмыстық кодекске 115-1 («Сталкинг») бабы енгізілді. Сталкинг үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу, 200 АЕК-ке дейін айыппұл және қоғамдық немесе түзеу жұмыстары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0