Әнші Кalifarniya 21 отбасыға баспана сыйлауға ниетті

Ол 8 мамырда басталатын алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ойлаған.

Мамыр 6, 2024 - 11:47
 0  146
Әнші Кalifarniya 21 отбасыға баспана сыйлауға ниетті

Кalifarniya деген лақап атпен танымал эстрада әншісі Фархат Қалиев 21 қалада өтетін қаладағы ән кешінде 21 отбасыға үй сыйлағысы келетінін мәлім етті. Өнер иес бұл туралы ХабарLike бағдарламасында айтып берді.  

Әншінің айтуынша, ол 8 мамырда басталатын алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ойлаған.  

Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарын болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті, әр қаладағы тыңдармандарыма тосын сый жасағым келді.  Бұл – келіншегім Әнелдің идеясы. Басында «қалай болар екен?» деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, - деді ол. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 1