Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен 600-ден астам адам қаза тапты

Қыркүйек 1, 2025 - 12:26
 0  49
Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен 600-ден астам адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында магнитудасы 6-ға жететін жер сілкінісі болып, алдын ала мәліметтер бойынша 600-ден астам адам көз жұмды, 1500 адам жараланды. Бұл туралы sadaq сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстан Ақпарат министрлігінің хабарлауынша, ең көп зардап Кунар провинциясының аудандарында тіркелген, жолдар топан су мен жер қабаты сырғуы салдарынан жабылған, іздеу-құтқару жұмыстары тікұшақтардың көмегімен жүргізіліп жатыр. 

Ауғанстан уақытша үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид АҚШ компаниясы X әлеуметтік желісінде жер сілкінісі адам шығынына алып келгенін растады.

“Өкінішке қарай, бүгінгі жер сілкінісі шығыс провинцияларында адам өліміне және материалдық залалға әкелді”, — деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0