Әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды

Ол барлық дипломаттық дәрежесінен айырылды

Шілде 18, 2025 - 15:55
Әйеліне 10 жыл қысым көрсетті деген Сәкен Мамаш 6 жылға сотталды
Фото: ғаламтордан

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамашқа қатысты сот процесінің шешімі белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қылмыстық кодекстің 110-бабы (азаптау) бойынша айыпталды. Сот осыған дейін Карина Мамаштың өтініші негізінде жабық форматта өткен еді. Алайда соңғы шешім БАҚ-қа ашық форматта өтті.

Судья Сәкен Мамашты кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жайлы шешім қабылдады. 

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 387–390, 393, 395–398, 401–402-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,– деп үкімді жария етті судья Артур Абдықанов.

Еске салсақ, Карина Мамаштың 10 жыл бойы күйеуі ұрып-соғып келген мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған еді. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow