«Барлығына жақсы бола алмаймын»: Олжас Бектенов тарифтер әрі қарай да өсетінін мәлімдеді

Ол тарифтерді инвестицияға алмастыру бағдарламасы тиімді екенін жеткізді

Шілде 15, 2025 - 11:20
«Барлығына жақсы бола алмаймын»: Олжас Бектенов тарифтер әрі қарай да өсетінін мәлімдеді
Фото: үкімет

Үкімет отырысында алғаш рет брифинг берген премьер-министр Олжас Бектенов тарифтердің өсуіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тарифтерді инвестицияға алмастыру бағдарламасы одан әрі жалғасады. Тарифтердің өсу қарқыны баяулағаны оларды тоқтағанын білдірмейді. Мен барлығына жақсы көріну үшін тарифтердің өсуін тоқтатамын деп айта алмаймын. Әрі қарай өсе береміз. Осылайша, ТКШ саласына инвестициялар тартамыз. Инвестиция тарту бағдарламасы тиімді болды. 2023 жылдан бері жүзеге асып жатқан бағдарлама бойынша 605 млрд теңге тарттық. Оның ішінде ЖЭО, жылу құбырлары, электрмен қамту да кіреді», - деді Бектенов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow