Бір топ адамды көлігімен таптап кеткен жүргізуші өлім жазасына кесілді
Қытайда 35 адамды әдейі қағып өлтірді деп айыпталған ер адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап BBC хабарлады.
62 жастағы Фань Вэйцю стадион маңында спортпен айналысып жүрген бір топ адамды көлігімен қағып кеткен. Оқиға салдарынан 43 адам жарақат алып, тағы 35 адам көз жұмған.
"Қытайда қараша айында көлігімен 35 адамды қағып өлтірді деп айыпталған адам өлім жазасына кесілді", – делінген хабарламада.
Полиция ер адамды ұстағаннан кейін оны аурухағана жеткізгені жазылған. Себебі күдікті өзіне пышақпен жарақат салған.
Сотпен анықталғандай, ер адамның қылмысқа баруына әйелімен ажырасқаннан кейінгі жеке өшпенділігі себеп болған. Қылмыс ерекше қатігездікпен жасалып, қоғам үшін өте қауіпті деп танылғандықтан, осындай үкім шығарылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?