Біздің режиссерсымақтар тарихи кино түсірерде түріктерден үлгі алсын - Сәуле Әбілдаханқызы

Қаңтар 9, 2025 - 16:30
Қаңтар 9, 2025 - 16:35
Біздің режиссерсымақтар тарихи  кино түсірерде түріктерден үлгі алсын - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы кино саласындағы қызмет ататын мамандарды қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біздің кино түсіргіш режиссерсымақтар (оларды киногер, режиссер деуге ауыз бармайды) кино түсірерде «нақты мақсат не?» деген сұраққа бас қатырмайды. Оларда көбінесе жалғыз мақсат — ақша жасау, атақ алу…

Біздің кино түсіргіштерде ақша жасаудан басқа тағы бір мақсат — тарихты, өмірді, кейіпкерін өзінің тауықтікіндей миы қалай көреді, — халық санасына солай сіңіргісі келеді…

Бүгінгі кино түсіргіштер қазақ тарихына қатысты кино түсіргенде түріктерден үлгі алуы тиіс. Идея, мақсат, түпкі мақсат — ұлтқа, мемлекетке жұмыс істеу екенін солардан үйренсін. «Глобальный замысел» болу керек қой… Түріктер құсап тарихыңның жақсысын асыр, жаманын жасыр… Біздікілер, керісінше, жақсысын жасырады, жаманын асырады, қазақта болмаған бәлелерді әкеп жапсырады… әуезді, бай тілімізді де, теңдессіз салт-дәстүрімізді де, тарихымызды да, этнографиямызды да нөл қылды…

Тарихи кино түсіргіштерге түріктің тарихи киноларынан емтихан тапсырту керек. Ал өзі түсірем деген тақырыбынан «бұл киноны түсіргенде елге, ұлтқа не бересің?» деген мәселеде жүз сұрақты қамтитын тест тапсыртқызу керек…. Емтихан, тесттен өте алған кино түсіргіштер, пажалыста, түсірсін. Оған ақшаны да жақсылап бөліп, сосын жақсылап есеп талап етсе, артық болмайды…. Касса жинаса, тіпті, бөлінген қаражатты мемлекетке кері қайтару жағын да қарастыру керек… сол ақша келесі туындыны түсіруге жұмсалады….

Тіпті, мемлекеттен кино түсіруге қаржыны 5%-дық несиеге беру керек. Залогқа үйін қойсын, көлігін қойсын т.с.с. Өнімін халыққа сатып, қаржыны мемлекетке қайтарсын… Пайдасын да, зиянын да өзі көрсін.

Тәуелсіздіктің осы жылдарында қазақ режиссерлері деген жақсы кино түсіре алмады? Біріншіден, әдеби, тарихи, кәсіби білімі жетпеді. Көп тупойлар кино түсіріп, ақша жасауды, атақты, танымал болуды мақсат етті…

Ал білімі жеткен бірен-саран режиссер өз халқынан өзін биік санады, ұлтын менсінбейтін, ұлтында бар жақсы нәрсені мансұқтайтын тәкәппар кеудемсоқ болды…», — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow