Түркістан облысының әкімі қызметінен кетті
Дархан Сатыбалды 2022 жылдың 31 тамызынан бастап өңір әкімі болып қызмет етіп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Түркістан облысының әкімі қызметінен босатып,басқа қызметке тағайындады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Дархан Сатыбалды 2022 жылдың 31 тамызынан бастап өңір әкімі болып қызмет етіп келеді. Оған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы өкілетті елшісі болған.
Бір қызығы, Сатыбалды тағайындалған бұл лауазым 2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жойылған еді. Ол кезде президент әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарып, басқару құрылымының өзгеруіне байланысты президент әкімшілігі басшысының алты бірдей орынбасары орнынан босаған.
Бұған дейін осы аптада бірнеше аймақ әкімі ауысуы мүмкін екені хабарлаған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?