Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы жүлдесін алды

Қыркүйек 3, 2026 - 10:54
chat_bubble  0 visibility  5
Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы жүлдесін алды
Фото: әлеуметтік желі

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипіндегі «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы кездесудің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Төртінші турдағы матч 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен 23-минутта Эйдан Моррис «Мидлсброны» алға шығарса, 54-минутта «Бернли» сапынан Юго Рагубер есепті теңестірді.

18 жастағы Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында қатарынан үшінші рет алаңға шығып, 81 минут ойнады. Ойын соңында қазақстандық футболшыны жанкүйерлер қошеметпен шығарып салды.

Сәтпаев матч барысында қақпаға екі дәл соққы жасап, пастарының 94 пайызын сәтті орындады. Кездесу аяқталған соң ол матчтың үздік ойыншысы ретінде арнайы жүлдемен марапатталды.

Бұл – Дастан Сәтпаевтың Англиядағы алғашқы жеке марапаты. Осы маусымда ол «Бернли» сапында төрт матч өткізіп, оның үшеуін негізгі құрамда бастады.

«Мидлсбромен» тең түскен «Бернли» қатарынан үш матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты. Команда төрт турдан кейін турнир кестесінде 23-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0