«Енем күйеуімді үйлендіріп жіберді»: Меруерт Түсіпбаева басынан өткен жайтты айтып жылап жіберді
ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева жеке өмірінен сыр шертіп, жылап қалды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі “Иірім” бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірін бүкпесіз баяндап берді. Әншінің сөзінше, жолдасымен ажырасуға енесінің де ықпалы болған көрінеді.
“Студент күнімізде шаңырақ көтердік. Жалпы, енем мені қабылдамады. Жолдасым Шымкент өңірінің жігіті еді. Сол заманда несиеге үй алып, қалада тұрып жатыр едік. Бір күні енем келді де, күйеуімді ауылға алып кетті. Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген. Өте қиын күндер басталды. Киім болмай, ақша жетпей қолдан киім тоқып киген күндерім де болған. Жатақханада тұрғанда, тосап жауып, ақша тапқан едім. Атүстінде жүрдім. Жақындарыма көмектесу керек болды. Сондай күндер де өтті”, – деді өнер иесі.
Одан кейін ұлының бала күнінде жанында бола алмағанын да айтып, жылап қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?