«Ифтар, сухур деп айтпаңыздар»: Бас мүфти діни терминдерді қазақ тілінде айтуға шақырды

Ақпан 25, 2025 - 09:06
 0  1.4k
«Ифтар, сухур деп айтпаңыздар»: Бас мүфти діни терминдерді қазақ тілінде айтуға шақырды
фото: nur.kz

Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді қолданған. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті. 

— Осы ретте жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды - ифтар, сәресін - сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, өзіміздің ата-бабамыздан қалған жақсы сөздерді қолданып, өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетіп, қазақша сөйлеуге тырысайық, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын хабарлап отыр. Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн — Қадір түні, ал 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 24
👎 Ұнамады 3
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 2
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 4
😮 Жарайсың 1