«Ит талаған»: Ақтөбеде тағы бір оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды
Жергілікті полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, киімінде еш із болмаған.

Ақтөбеде тағы бір оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды. Бүгін таңғы сағат 7:30 шамасында Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан оқушының денесі табылған. Бала бірінші сынып оқушысы, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы мәйітте зорлықпен өлтіру белгілері жоқ екенін анықтады. Баланың қайтыс болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ұзамай әлеуметтік желілерде белгісіз жағдайда көз жұмған баланы ит талап өлтірді деген ақпарат тарады. Жергілікті полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, киімінде еш із болмаған.
«Қазіргі кезде тексеру жүріп жатыр. Баланың денесінде қандай да бір із, тістің басқаны белгісі жоқ. Ит қапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқарасының басшысы Айбек Сембай.
Артынша, Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде полиция, білім мен денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның мән-жайын айтып, брифинг өткізді.
«Жедел жәрдем бригадасына қоңырау 07:39–да түсті. 103 бригадасы 5 минутта жетті. Бала үйінде, анасының қасында болды. Балада клиникалық өлім болған. 30 минут бойы барлық реанимациялық іс-шара жүргізілді. Алайда нәтиже болмай, өлімі тіркелді, - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақов.
Алайда, баланың басқаша айтады. Айтуынша, мектепке бара жатқан ұлына ит жүгірген.
«Ит болды. Өздері ұстап алып кетті. Қызыл ит. Иесі бар ма, жоқ па білмейміз. Үстіне секірген, қорқып кетіп, жүрегі жарылды. Шындық сол. Осы арада көзімізбен көрдік. Мамасы артынан шығып келе жатты. Қасында апасы да болды», - дейді көз жұмған баланың әкесі.
Естеріңізде болса, осыдан бірер күні бұрын Ақтөбе облысы Шалқар ауылы Айшуақ ауылында мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмған еді. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Материал Қазақпарат деректері негізінде дайындалды
Сіздің реакцияңыз қандай?






