Қаза тапқандар бар: АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты

Қыркүйек 2, 2025 - 09:41
 0  46
Қаза тапқандар бар: АҚШ-та екі ұшақ соқтығысты
Фото: CNN

АҚШ-тағы Колорадо штатында әуежайға қону сәтінде екі жолаушы ұшағы ауада соқтығысты. Апат жайлы АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz. 

Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Cessna 172 және Extra Flugzeugbau EA300 маркалы әуе кемелері қонуға әрекеттенген кезде бір-бірімен соқтығысқан.

Әр ұшақта екі адамнан болғаны нақтыланды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Еске салсақ, 16 тамызда Конго Республикасында Ан-26 ұшағы ағашқа соғылып, алты адам қаза тапқан еді. Бортта болғандардың ішінде тек бір адам ғана аман қалған, марқұмдардың арасында екі шетелдік ұшқыш бар.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0