Қыз алып қашқандар он жылға сотталады: Тоқаев арнайы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қол қойылған заңға сәйкес мынадай кодекстерге өзгеріс енгізілген:
- Қылмыстық кодекс;
- Қылмыстық-процестік кодекс;
- Қылмыстық-атқару кодексі;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі;
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заң;
- «Төлемдер және төлем жүйелері туралы».
Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Тағы оқыңыз: «Бір аяғым жоқ»: Алып қашу кезінде көлік астына түскен қыз ауыр тағдырын баяндады
Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған.
Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






