«Қос қозым». Жанар Айжанова жаңа күйеу баласына батасын берді
Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова блогер Сәкен Қағаровпен некесін қидырды. Желіде Айжұлдыздың анасы жас жұбайларға өз батасын берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қос қозым, бақыттарың баянды болсын! Алла тіл-көзден сақтасын! Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар!, - деп жазды Жанар Айжанова.
Айта кетейік, актриса Айжұлдыз Адайбекова екінші рет тұрмысқа шығып жатыр. Оның алғашқы некесінен кішкентай ұлы бар.
Бұған дейін күйеу жігіт ұсынысты Исландиядағы сарқыраманың жанында жасаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?