Лифт ішінде баланың бетін пышақтаған жасөспірімді санитарлар соққыға жыққан

Ақпан 26, 2025 - 10:45
Ақпан 26, 2025 - 10:45
Лифт ішінде баланың бетін пышақтаған жасөспірімді санитарлар соққыға жыққан

Астанадағы көпқабатты үйлердің біріндегі лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған 14 жастағы жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерге жатқызылғаны белгілі. Жасөспірімнің арнайы орталықтағы санитарлар тарапынан әлімжеттікке ұшырап, таяқ жегені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратта басы мен қолында көгерген дақтар мен ісіктің іздері бар екені айтылады.  Нақты айтар болсақ, науқасты санитарлар кітаппен ұрған. 
Оқиғаға қатысты Астанадағы ерекше балалардың ата-аналары одағының жетекшісі Гүлсан Маужина пікір білдірді.

«Біз сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етеміз. Полицияға хабарластық, учаскелік инспектор келді, бірақ мұндай жағдайларда нақты әрекет алгоритмі жоқ», - деді ол.

Сондай-ақ, белсенді жасөспірімнің балалар бөлімінде емес, ересектер бөлімінде жатқанын атап өтті.

Гүлсан Мауинаның айтуынша, оны бейнебақылау камерасы жоқ палатаға жатқызып, қорлаған, ұрып-соғып, ауыр сөздер айтқан, кітаппен ұрған.

«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметіне сүйенсек, психоневрологиялық диспансерде бозбаланы санитар соққыға жыққан. Баланың анасы полицияға жүгініп, сот-медициналық сараптама жүргізуді талап еткен.

Еске сала кетейік, бұл жасөспірім Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтте бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған болатын. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Кейіннен жасөспірімнің шизофрения диагнозымен психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталып, оқшауландырылған еді.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow