Миллиондаған қарызың бар: салық органдары блогерлерді қыса бастады

Салық органдары блогерлерге қарсы жорық бастаған сыңайлы. Блогерлер өздеріне салық органдары тарапынан "миллиондаған қарызың бар" деген хабарламалар келе бастағанын айтады. мәселен белгілі блогер Әлішер Елікбаев өз телеграм каналында, салық комитетінен қомақты қарыз туралы хат келгенін хабарлады.
Оның айтуынша, кейбір әріптестерінің салықтық қарызы 300 000 000 теңгеге дейін жеткен.
Енді олар салық органдарына барып, өздерінің шын мәнінде мұндай табыс таппағанын дәлелдеуге мәжбүр болып жатқан сыңайлы.
“Мен туралы да «еске түсіріпті» – менің қарызым шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Бірақ менің ойымша, бұл сома қайырымдылық мақсатындағы қаражат жинаумен байланысты болуы мүмкін. Екі рет менің картама донорлық бүйрекке қаржы жиналды, ал бір рет – балалар хосписіне арналған реанимобильге. Бұл мәселені анықтайтын боламыз”- деді Елікбаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






