«Орны толмас қайғы»: Қазақстандық Сурдлимпиада чемпионы мезгілсіз өмірден өтті

Наурыз 10, 2026 - 12:48
app_badging Наурыз 10, 2026 - 13:46
chat_bubble  0 visibility  3
«Орны толмас қайғы»: Қазақстандық Сурдлимпиада чемпионы мезгілсіз  өмірден өтті
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz/

Сурдо жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Фархад Қыстаубаев – 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында он сайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болған еді.

Қайғылы хабарды Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының ресми парақшасында хабарлады.

«Фархад Қыстаубаевтың қазасы - еліміздің спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Фархад Қыстаубаев Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында онсайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері ретінде ел намысын абыроймен қорғады», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0