Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды

Қаңтар 20, 2026 - 13:07
 0  3
Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды
Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа бірпалаталы Парламентіне «Құрылтай» деген тарихи атау беруді ұсынды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл атау халықтың тарихи жадын жаңғыртып, ұлттық мүддені қорғайтын өкілді органның мәртебесін айшықтай түседі. Президент бұл ұсыныстың халық талқысына салынатынын атап өтті.

«Жаңа Парламент «Құрылтай» деп аталады», — деді Тоқаев өз сөзінде.

Саяси реформа аясында заң шығарушы органның құрылымы да өзгереді. Егер қазіргі екіпалаталы Парламентте (Мәжіліс пен Сенат) жалпы 148 депутат болса, жаңа бірпалаталы Құрылтайда олардың саны 145-ке дейін азаюы мүмкін.

Сонымен қатар, жаңа Парламент құрамында 8 комитет құру жоспарланып отыр. Бұл өзгерістер елдегі саяси жүйені жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында қолға алынған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0