Шымкентте такси жүргізушісін тырнап, көлігін бүлдіріп кеткен әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

Маусым 4, 2025 - 16:16
 0  50
Шымкентте такси жүргізушісін тырнап, көлігін бүлдіріп кеткен әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)
Фото: ғаламтордан

Шымкент тұрғыны такси қызметіне көңілі толмай, көліктің терезелерін таспен сындырды, деп хабарлайды Qazaq Today  

Оқиға 3 маусым күні болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеода белгісіз әйелдің такси жүргізушісімен жанжалдасып, көліктің артқы және жанындағы терезелерін таспен ұрғаны көрінеді.

Полиция бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру) бойынша іс қозғады.

“Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады” – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0