«Сызғанов ауруханасы емдей алмаған саусағымды күміс жүзік емдеді»: Жанар Айжанова ерекше дизайнды жүзігін көрсетті

Сәуір 11, 2025 - 16:21
Сәуір 11, 2025 - 16:27
«Сызғанов ауруханасы емдей алмаған саусағымды күміс жүзік емдеді»: Жанар Айжанова ерекше дизайнды жүзігін көрсетті

Дәстүрлі әнші әрі актриса Жанар Айжанова бір жыл бұрын сынған қолын күміс жүзікпен емдеп алған. Тойлардың біріне осы шошақ жүзігін тағып келген Жанар Айжанова оның сырын айтып берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Тойды әзілкеш тамада Жанатбек Бәйтеков жүргізген. Және дәл осы Жанатбек Жанар Айжанованың ерекше жүзігіне көз салып, жүзіктің атауын сұрады.

«Жүзік туралы әңгіме қозғадың ғой, мен оның не екенін айтып берейін. Оны шынымен де көп адам сұрайды. Негізі бұл – гипс. Былтыр сынған қолымды Сызғанов атындағы аурухана да емдей алмаған. Осы жүзік емдеді. Басы – оймақ, сондықтан, оймақты шошақ жүзік деп атаймын. Оймақтың басын кесіп, алты ай бойы киіп жүрмін. Саусағым 80 пайызға жазылды. Сіңірі жалғанды. Қазақтың күмісі шынымен де ем екен», - деді Жанар Айжанова.

Жүзіктің атауын тағы бір рет сұрап, қалжыңға басқан әзілкеш Жанатбекке Жанар Айжанова да қалжыңдап, жауап қатты.

«Оймақты шошақ жүзік. Авторы өзім. Сосын, жыныма тигендердің көзін ойып аламын», - деп күлді Айжанова.

Бұл әзіл-қалжыңға толы видеоны әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow