«Телевизия жанып кеткен»: Ардақ Назаровтың тағы бір видеосы жұртты күлкіге қарық қылып жатыр

Қазан 20, 2025 - 11:04
Қазан 20, 2025 - 12:10
«Телевизия жанып кеткен»: Ардақ Назаровтың тағы бір видеосы жұртты күлкіге қарық қылып жатыр

Мәжіліс депутаты, бұрынғы "чемпион" Ардақ Назаровтың бұрынырақ берген тағы бір сұхбаты жұртты күлкіге қарық қылды, деп жазады Democrat.kz.

Бұл сұхбатында Ардақ Назаров бірнеше дүркін чемпион болғанын дәлелдейтін видеолардың "жоғалып кеткенін" айтады. 

"Менің  күшті-күшті "бойларым" болған. Кейін мен (оның видеосын - ред.) оны сұратқанда, телевизия жанып кеткен ғой. Ойлаңызшы, бүкіл архив жанып кеткен ғой. Сөйтіп мен өзімнің күшті-күшті "бойларымды" ала алмай қалдым. 

Мен панкратионнан әлем чемпионымын. Ресейдегі жылда өтетін "Турнир настоящих мужчин" турнирінде мен 2005 жылы мен "Еуропа чемпионы" болдым. 

2004 жылы панкриатоннан әлем кубогын алдым. ТМД чемпионы болдым. 

2009 жылы алғаш рет Америкаға барып төбелескен бірінші қазақтың баласымын. Чемпион болдым. Ешбірінің видеолары жоқ. Кейбір видеолары бар, былай түсіріп тұрады да, "аааа" деп басқа жақты түсіріп жіберген.

Мен төбелесіп жатқанда қарсы бетті түсірген видеолар бар. Мен түспей қалғанмын" дейді Ардақ Назаров. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow