«Теңіздің түбінен жоғарына қарап тұрдым»: Клиникалық өлімнен аман қалған азамат о дүниеде көргендерін айтты

АҚШ-тағы Omaze қайырымдылық қорының негізін қалаушы Мэтт Полсон клиникалық өлім кезінде арғы өмірге қатысты көргендерін айтып берді, деп жазады Daily Star басылымы. Полсонның айтуынша, ол бала күнінен іш кебуімен күрескен. Кейін оған ота жасалып, 2018 жылы ішіндегі тігілген орынның жібі үзіліп, ішек өтімсіздігі пайда болған.
Тағы оқыңыз: «Ол жақта маған таңдау берілді»: О дүниеге барып қайтқан әйел не көргенін айтты
Осының салдарынан ер адамның жүрегінде Такоцубо кардиомиопатиясы, яғни жүрек бұлшықетінің жиырылу қабілеті кенеттен төмендеуген. Осылайша ауруханада жүрегі тоқтап қалған. Мэтт Полсон төрт жарым минут бойы клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқан.
«Мен өзгелер сияқты туннельдің соңындағы жарықты көргенім жоқ. Бірақ өзімді теңіз тұңғиығынан бетіне қарап тұрғандай сезіндім. Ол өте алыс еді. Күннің жарығы судан өтіп жатқандай болды. Жарыққа дейін тұтас бір ғалам жатқандай», – деді ол.
Сондай-ақ ол өзін ғарыш энергиясы өрісінің бір бөлігі ретінде сезінгенін айтты. Өзінің кім екенін сезініп, бүкіл ғаламмен байланыста болғанын жеткізді.
Тағы оқыңыз: О дүниеге барып келген адам не көргенін айтып берді
«Сол кезде анамның: «Мэттью Дэвид Полсон, сен күресуің керек!» деген дауысын естідім», – дейді ол.
Сол сәтте, шын мәнінде анасы шұғыл түрде реанимациялық палатаға кіріп, ұлының жанында болған екен. Дәрігерлер оның аман қалуына еш үміт қалмағанын айтқан. Дегенмен Полсон толықтай сауығып кеткен.
Сіздің реакцияңыз қандай?






