«Ол жақта маған таңдау берілді»: О дүниеге барып қайтқан әйел не көргенін айтты

Эмбер Кавано есімді әйел инсульттан кейін о дүниеге барып, өмірге қайта оралғанын айтады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Daily Mail басылымының мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанында Кавано қатарынан екі инсульт алған. Дәрігерлер оның миына ауыр зақым келгенін айтқан. Десе де жедел түрде арнайы ауруханаға тікұшақпен жеткізген. Каваноның айтуынша, дәл сол тікұшақта оның о дүниеге сапары басталған.
Кавано о дүниеге тап болған соң, күн сәулесі молынан түскен жап-жарық бақшаға тап болған. Мұнда оның бұрын асыраған үй жануарлары мен жақын адамдары жүрген. Өзі болса, шамамен 25 жастағы кейіпке енген – денесінде ешқандай тыртық та, қартаю белгілері де болмаған.
Шөптің үстінде тұрып, бәрін анық сезіндім: әрбір өсімдікті, әрбір шөптің сабағын, әрбір су тамшысын, әр молекуланы; бәрі Құдайдың нұрымен жарқырап тұрды, – деп сипаттады Кавано о дүниені.
Әйел ол жақта "рухани тәлімгерлермен" танысқанын айтқан. Олар Каваномен телепат арқылы сөйлесіп, өмірге оралуға немесе осында қалуға таңдау жасауға болатынын жеткізген. Кавана отбасына алаңдап, өмірді таңдаған көрінеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






