Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады

Маусым 4, 2026 - 17:15
 0  10
Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Аға кеңесшісі Арье Лайтстоунды қабылдады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қатысуының маңызын атап өтіп, ұйым аясында нәтижелі ынтымақтастық орнатуға бейіл екенін жеткізді.

– Біз Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылардың бірі ретінде аталған институттың жаһандық қауіпсіздік пен диалогты нығайтуға тиімді ықпал ететініне сенімдіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосуды көздейтін Қазақстан бастамалары талқыланды. Бұл әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру, білім беру және денсаулық сақтау жобаларын жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қолдау бағыттарын қамтиды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0