Украина күштері Курск облысында тағы бір көпірді қиратты
Бұған дейін Украина қарулы күштері Курск облысындағы Сейм өзеніндегі бір көпірді қиратқан. Ол көпір арқылы Ресей әскеріне керек-жарақ жеткізіліп тұрған еді.
Украина әуе күштері Ресейдің Курск облысындағы Сейм өзеніндегі тағы бір көпірді бомбалағанын хабарлап, шабуылдың видеосын жариялады. Курск облысы Глушков ауылындағы Званное ауылы маңындағы ол көпір Ресей әскерін керек-жарақпен қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие нысан болатын, деп жазады Азаттық радиосы.
Украина әуе күштерінің қолбасшысы Николай Олещук Украина қарулы күштері нысанаға дөп тигізетін шабуылымен "Ресей армиясын логистикалық қабілетінен айыруды" жалғастырып жатыр деп мәлімдеді.
Ресей әскери басшылығы бұл ақпаратқа байланысты комментарий берген жоқ.
Бұған дейін, 16 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысындағы Сейм өзеніндегі бір көпірді қиратқан. Ол көпір арқылы Ресей әскеріне керек-жарақ жеткізіліп тұрған еді. Глушков ауданындағы екінші көпір қирағаннан кейін Карыж ауылындағы өткел Сейм өзенінен әскери жүктерді өткізетін жалғыз нысан болып қалды. Егер ол да істен шығатын болса, онда Глушков ауданына жүк тасымалдау мүлде тыйылып қалу қаупі бар.
Украина әскері Сейм өзені бойындағы аумақтың бір бөлігін басып алуға тырысып жатыр деген болжам айтылып отыр. Украин күштері басып алған плацдарм Глушков ауданынан оңтүстікке қарай жатыр, Сейм өзені Курск облысының бұл бөлігінен батысқа – орыс-украин шекарасына дейін Глушково мен Званное елді мекендері арқылы ағады.
Украина әскері Сейм өзені бойындағы аумақтың бір бөлігін басып алуға тырысып жатыр деген болжам айтылып отыр. Украин күштері басып алған плацдарм Глушков ауданынан оңтүстікке қарай жатыр, Сейм өзені Курск облысының бұл бөлігінен батысқа – орыс-украин шекарасына дейін Глушково мен Званное елді мекендері арқылы ағады.
Украина армиясы Ресейдің Курск облысына 6 тамызда кірді. Содан бері аймақта шайқас жүріп жатыр. Украина күштері ондаған елді мекенге (арасында аудан орталықтары мен Суджа қаласы бар) бақылау орнатқанын мәлімдеді. Ресей билігі ондай ақпаратты не теріске шығарады, не ешқандай түсініктеме бермейді. Әйткенмен Курск облысында федералдық деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазірге дейін аймақтан 100 мыңнан астам адам эвакуацияланған деген ақпарат бар. Эвакуация Украинамен шекаралас Белгород облысында да жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?