Ресми: Әлімханұлы жеңіліп көрмеген франциялық боксшымен айқасады

Ақпан 6, 2025 - 09:42
 0  48
Ресми: Әлімханұлы жеңіліп көрмеген франциялық боксшымен айқасады
Фото: instagram.com/toprank

Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (16-0, 11КО) кезекті қарсыласы ресми түрде белгілі болды.

Top Rank промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын Қазақстанда өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгуге (14-0, 9КО) қарсы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

Айта кетейік, жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

- Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз! Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! 2 әлем чемпионы титулын қорғаймыз! Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік, - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0