Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымсыз жаңалық шықты

Шілде 21, 2026 - 12:29
app_badging Шілде 21, 2026 - 12:29
chat_bubble  0 visibility  7
Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымсыз жаңалық шықты
Фото: alimkhanuly/instagram

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл ақпаратты Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери растады.

«Жәнібек Әлімханұлы маған салмақ дәрежесін көтеретінін хабарлады. Ол енді екінші орта салмақта өнер көрсетеді. Осыған байланысты Дензел Бентли WBO-ның толыққанды әлем чемпионы атанды», – деді Оливьери.

Осылайша, орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі бұған дейін уақытша чемпион атанған Ұлыбритания өкілі Дензел Бентлиге өтті. Ол бұл мәртебеге 4 сәуірде венесуэлалық Эндри Сааведраны жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін ие болған еді.

Еске салайық, 33 жастағы Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта допингке қатысты іс бойынша уақытша жарыстардан шеттетілген. Спортшының сынамасынан тыйым салынған зат анықталған. Соған қарамастан, ол жаттығу процесін қайта бастап, шаршы алаңға оралуға дайындалып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0