Жәнібек Әлімханұлы Астанада кіммен жұдырықтасады?
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды sadaq.kz сайты massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі инсайдер Майкл Копинджер ақпараты бойынша, отандасымыз француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы IBF және WBO чемпиондық атағын қорғайды.
Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан. Отандасымыз WBO чемпиондық атағын бесінші рет, IBF белбеуін екінші рет қорғайды.
Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген боксшы. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?