Желіде Әбдіжаппар Әлқожаны полиция ұстады деген хабар тарады

Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз. Ресми ақпарат та жоқ.

Шілде 6, 2024 - 16:24
 0  884
Желіде Әбдіжаппар Әлқожаны полиция ұстады деген хабар тарады

Кейбір ақпарат көздері полицейлер Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны ұстап алған деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, әнші Әбдіжаппар полицейлерге бағынбай дөрекілік танытқан көрінеді. Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз. Ресми ақпарат та жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жақында ғана шоумен Тұрсынбек Қабатов, әнші Қайрат Нұртас та қоғамдық тәртіп бұзып, жұртты шулатқан болатын. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 1
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 2
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0