«Жыныс мүшесіне тақия киіп алған»: Журналист Асхат Ниязовтың үстінен арыз түсті

Қазан 21, 2025 - 12:13
«Жыныс мүшесіне тақия киіп алған»: Журналист Асхат Ниязовтың үстінен арыз түсті
Фото: esquire.kz

Асхат Ниязовтың подкасттағы «жыныс мүшесіне тақия киген» деген сөзі қазақ қоғамында үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сөзді ұлттық намысқа тиетін әрі қазақ халқының киелі ұғымын мазақ еткен деп бағалады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Осы жағдайға байланысты азаматтардың бірі Бас прокуратураға Қылмыстық кодекстің 174-бабы – “ұлт араздығын қоздыру” бойынша арыз түсірген. Ол сараптама жүргізіп, әзілдің ішінде ұлтаралық араздық тудыратын элементтер бар-жоғын анықтауды сұраған.

«Бұл әзіл 100% іс қозғалады дегенді білдірмейді. Құзырлы орган оның құрамында қылмыс бар ма, жоқ па, соны анықтайды. Мүмкін бұл жай қалжың шығар. Бірақ әзіл адамдарды жауластырмауы керек, керісінше, жақындастыруы тиіс. Асекеңнің сөзімен айтсақ: жақсы юмор біріктіреді, ал жаман юмор бөледі», — деді ол.

Қоғамда бұл мәлімдеме пікір еркіндігі ме, әлде әдепсіздік пе? деген сұрақ туғызды. Бірі Ниязовты журналист этикасын аяққа таптады десе, енді бірі оны юморды қате түсінді деп қорғауда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow