Жойқын жер сілкінісі қаупі бар: Тұрғындар мен туристер Санториниді жаппай тастап кетіп жатыр
Грекия билігі аралға құтқарушылар мен дәрігерлерді жіберді, деп хабарлайды Euronews.
Дүйсенбіде сейсмикалық белсенділіктің күшеюіне және жер сілкінісі мен жанартау атқылау қаупіне байланысты жүздеген адам Санториниден пароммен кетті.
- Дүйсенбі күні таңертең Санториниде Рихтер шкаласы бойынша 4 баллдан асатын алты жер сілкінісі тіркелді, ал Аморгос аралында магнитудасы 4,9 болды, - деп хабарлады жергілікті билік.
Билік екі аралдың кейбір жағалау аймақтарына, соның ішінде жартастарға жақын орналасқан ескі портқа кіруді жауып тастады.
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні бойы жалғасқан жер сілкінісінің жиілігі тұрғындарды қатты алаңдатты.
Жергілікті билік сақтық шарасы ретінде мектептерді жабуды бұйырды және аралға жедел жәрдем көлігін жіберді. Жақын маңдағы Эгей теңізінің бірнеше аралында да қауіпсіздік шаралары қолға алынды.
Жарты ай тәрізді Санторини аралы күн сайын коммерциялық рейстер, паромдар мен круиздік кемелер келетін аймақтың негізгі туристік орны болып саналады. Жыл сайын аралға 3 миллионнан астам турист келеді, оның ақ үйлері мен көгілдір күмбезді шіркеулері бар.
Айта кетейік, Грекияда мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 8 адам қайтыс болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?