«Қайракең ыдыс сындыратын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің ашуланған кездерін еске алды

Қаңтар 8, 2025 - 16:22
Қаңтар 8, 2025 - 16:32
«Қайракең ыдыс сындыратын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің ашуланған кездерін еске алды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сыр шертіп, оның қатты ашуланған кездерін еске алды. Өнер иесі отағасын мұндай күйге дейін жеткізбеуге тырысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасы туралы ел білмейтін жайтты белгілі журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында айтты.

"Жолдасым қайтыс болғанда өмірім дейін және кейін деген кезеңдерге бөлінді. Дейін өмірімжегі ең жарқын кезең болды. Ол қайталана ма, жоқ па бір Құдай біледі. Бірақ мен ол кезді тек жақсы жағынан еске аламын. Ашуға келетін болсақ, кез келген ер азаматтың ашуы әр қалай. Біреу айғайлайды, біреуі ыдыс сындырады, енді біреуі шапалақпен тартып жіберуі мүмкін. Қайрекең ыдыс сындыратын. Қатты ашуланғанда үстелдің үстінде тұрған дастарханды тартып қалады. Үстінде қандай ыдыс, қандай тамақ тұр бәрі құлап, сынуы мүмкін. Адамның сырын білген соң  сен оны сондай жағдайға жеткізбеуге тырысасың", - деді тележүргізуші.

Сұлтанқызы жолдасы ашуланғанымен тез басылатын адам болғанын алға тартты.

"Қайрат ашуланғанда екінші тарап сөз қайтарғанды ұнатпайтын. Бірақ тез басылады. Артынан "жүр шәй ішеміз" деп шақырып, бәрін ұмыта салады. Мұны ол өз балаларына да айтады. Ашулы екенін көріп тұрсаң, сөз қайтарма. 5 минут тыңда, одан кейін ашуы басылады. Басқа үйге келгенде өз принциптеріңді ұмыту керек. Біздің қателігіміз сол. Мәселе, сенің төмендей салуыңда немесе сол үйдің заңына бағынуыңда емес. Мәселе – сөйлесе алуда. Ұрыс кезінде тыныш тұра тұру керек, эмоцияға берілмеу керек", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow