АҚШ БҰҰ-дан шығатын болды

АҚШ-тағы республикалық конгрессмендер елдің БҰҰ құрамынан толық шығуы туралы заң жобасын енгізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Республикалық сенатор Майк Лидің сайтында жарияланған заң жобасы мәтінінде Америка басшысы Дональд Трамптың Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымына, сондай-ақ онымен байланысты кез келген органдарға, мамандандырылған агенттіктерге және комиссияларға мүшелігін толығымен жоюға ниетті екендігі көрсетілген.
Заң жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның мекемелерін қаржыландыруды тоқтатуды көздейді. Сонымен қатар сенаттың рұқсатынсыз ұйымға қайта кіруге тыйым салынады. Сондай-ақ АҚШ БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатыспайды.
Ақпан айының басында Ақ үйде Дональд Трамп елдің БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі мен палестиналық босқындарға көмек жөніндегі Таяу Шығыс агенттігінен шығу туралы жарлыққа қол қойған. Бұл атқарушы жарлық Америка Құрама Штаттарына БҰҰ жүйесінде тіркелген екі ұйымнан бірден кетуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






